Қысқаша сипаттамасы

Сипаттамасы

SmartECG платформасы ЭКГ-мен жұмыс процесін цифрландыруға арналған. Құжаттаманың бұл бөлімі медициналық мекемелерде жұмыс істейтін IT мамандарына (әкімшілер мен бағдарламашыларға) арналған.

Нұсқасы

Құжаттаманың бұл нұсқасы 2020 жылдың 1 қыркүйегіне өзекті.

Алдын ала шарттар

SmartECG қазіргі уақытта барлық ЭКГ аппараттары мен МАЖ-ға қосылмауы мүмкін.

Қолдау көрсетілетін аппараттар

  1. Bionet өндірісі (Оңтүстік Корея):
    1. CardioCare2000
    2. Cardio7
    3. CardioTouch
  2. "НПП Монитор" өндірісі (Ресей, Ростов-на-Дону):
    1. ЭК12Т-01-РД
    2. ЭК12Т-01-РД (экранммен)
  3. BTL өндірісі (Ұлыбритания):
    1. BTL-08
  4. ОО "Аксма" өндірісі (Ресей, Мәскеу):
    1. КардиоСкрин

Қолдау көрсетілетін МАЖ-дар

  1. К-МИС ДамуМед (Емханалық бөлімі)
  2. МИС Надежда (SkoMed)

SmartECG тәуелсіз платформа ретінде МАЖ-сіз де қолданыла алады.

Басқада шектеулер

Егер ЭКГ аппараты тасымалды құрылғы ретінде пайдаланылса, SmartECG қолдану қиын:

  • палаталар бойынша тасымалдайды
  • жедел жәрдем көлігінде қолданылады
  • үйде ЭКГ-ны түсіру үшін

ЭКГ-ны сандық түрде түсіру үшін компьютер (немесе ноутбук) қажет, сондықтан егер компьютерді (немесе ноутбукты) ЭКГ-ның жанына қою мүмкін болмаса, онда ЭКГ-ны сандық түрде алу қиын.

Жақында андроид құрылғыларына арналған драйверді іске асыруды аяқтау жоспарлануда, содан кейін смартфонға/планшетке ЭКГ сандық түрде түсіруге болады және сипатталған кейбір жағдайларда мәселені шешуге болады.

Орнату сипаттамасы

Орнату сипаттамасы

Smart ECG тек медбикенің компьютеріне - тікелей ЭКГ аппаратының жанында орналасқан компьютерге орнатылады. Медбике браузер арқылы жұмыс істейді, бірақ сигналды түсіру үшін компьютерге драйвер орнатылуы керек.

Функционалдық диагностика дәрігері, кардиолог, терапевт, әкімші Smart ECG жүйесіне кез келген құрылғыдан браузерарқылы кіре алады.

[Қосылу нұсқауларына өту] (doc2.md)